Web Analytics Made Easy - Statcounter

See also ebooksgratis.com: no banners, no cookies, totally FREE.

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Сан есім — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

Сан есім

Уикипедияның мағлұматы

Сан есім заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.

Мазмұны

[өңдеу] Морфологиялық сипаттары

Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

[өңдеу] Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

[өңдеу] Туынды сан есімдер

Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.


Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

[өңдеу] Дара сандар

Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны - жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың т. б.

[өңдеу] Күрделі сандар

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.


[өңдеу] Синтаксистік қызметі

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - анықтауыш болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.


[өңдеу] Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары

Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.


[өңдеу] Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

[өңдеу] Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)

Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуезов).

[өңдеу] Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) аффиксінің қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)

[өңдеу] Топтық сан есімдер

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (М. Әуезов)


[өңдеу] Болжалдық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (М. Әуезов).


[өңдеу] Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.

[өңдеу] Әдебиет

Басқа тілдерде


aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -