Уикипедия Ашық Энциклопедиясын әркім өңдей алады. |
Бұл энциклопедия сіздің көмегіңізбен құрылады. Әркім (соның ішінде Сіз де) мындағы қайсыбір мақаланы түзетіп, не жаңасын енгізіп, өз үлесін қоса алады. Тіркелуіңіз міндет емес. Бірақ ІР жайыңыз жазылып алынады. Және де басқа пайдаланушыларға осы ІР жайыңызды көрсету арқылы мында жұмыс істеуіңізге болады (болса да тіркелуіңізді ұсыныс етеміз ⇒ жаңа тіркелгі жасау).
Бұл жобаның халықаралық деңгейге шығып, көп тілде жүзеге асырылуы Уикипедия тарапынан 2001 жылы басталып, бұл мақалалар саны күннен күнге көбейіп кеңге тарады. Ағылшын Уикипедиясында бір миллионнан аса мақаланы, басқа ірі тілдерде 400 мыңға жуық мақалаларды Уикипедия тораптарынан таба аласыз (көбірек мағлұмат үшін төмендегі «Басқа тілдердегі жобаларды» қараңыз).
Қазақ тіліндегі Уикипедияны құруымыз артымыздан келетіндер үшін ғажайып бір білім қайнары болар.
Түсінетін, білетін салаларыңызға тиісті жаңа мақалалар не аудармалар жазуыңыз мүмкін. Алдынан өңдеу әдісін қарап шығыңыз. Жұмысыңызды қазақша кирилл не латын әріптерімен жазыңыз!
|
Ұсынған мағлұматыңыз ауторлық құқықтарды бұзбайтындай болуын сұраймыз.
|
Қай жерден бастайын деп қиналып тұрсаңыз, барлық Уикипедияларда болуы тиіс мақала тізімінен немесе осы жерден бастап көріңіз.
Қазақ тілінің дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!
|
|
|
Мақалалар саны: 933 | Қатысушылар саны: 382
|
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 600 000 адам тұрады (2004). Қазір қаланың аумағы 200 km2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс-казак әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. мамыр 6 жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді…
|
Жалғасы… |
|
Әбілқайыр хан (1718—1748 жж. билік құрған) — Кіші жүз ханы. Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.
1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді…
|
Жалғасы… |
|
Теңге нышаны — қазақстан теңгесінің нышаны. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2006 ж. қарашада «Теңге нышаны» жалпыұлттық конкурсын жариялап, 2007 ж. наурыздың 20-ында қорытынды шешім қабылдады.
Бекітілген теңге нышанының ауторлары — Санжар Әмірханов және Вадим Давиденко.
Теңгенің көрсетілген графикалық бейнесі «т» дыбысының транскрипциясын білдіретін ежелгі түркі әліпбиінің нышаны болып табылады, «теңге» сөзі, барлық түркі халықтары үшін қасиетті болып табылатын «аспан», «Тәңірі» сөзі де осы әріптен басталады. Бұл нышан ақша бірлігі тұрақтылығының идеясын, жоғары әлуетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының даму және өсу динамикасын бейнелейтін болады. Идеограмма қазіргі замандағы қазақстандықтардың даму және прогресс жолындағы қозғалысын бейнелейтін болады…
|
Жалғасы… |
|
|
[[Сурет:Үлгі:Potd/2007-09-23|300px|center]]
Үлгі:Potd/2007-09-23 (kk)
|
|
|
|
|
Басқа ашық Wikimedia жобалары
|