Web Analytics Made Easy - Statcounter

See also ebooksgratis.com: no banners, no cookies, totally FREE.

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Ақтөбе — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

Ақтөбе

Уикипедияның мағлұматы

Ақтөбе
Ақтөбе қаласының ресми таңбасы
Таңбасы
Бойлық-ендігі: 50°16′00″N, 57°13′00″E
Әкімшілік басқаруы
Елі Қазақстан
Облысы Ақтөбе
Әкімшілік күйі Облыс орталығы
Орнатылуы
  Қала денгейі
1869
1880
Әкімі Серік Нокин
Жоғрапиясы
Аумағы  km²
Жұрттануы
Жұрт саны () 278 000
Уақыт белдеуі WAST (UTC+5)
ӘАНК 15 10 00 000 3
Телефондау белгісі +7(3132)

Ақтөбе қаласы — Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады.

[өңдеу] Тарих

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Біздің қаламыздың құрылысының басталуы туралы Петербургтің «Биржевые ведомости» газеті былай деп хабарлады: «… Ақтөбе бекінісіне Елек өзенінің сол жағында Елек қорғанысынан 180 верст, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын, Қарғалы өзенінің тармағындағы Ильинка станицасынан 170 верст қашықтықта жер таңдап алынды… Құрылыс қазірдің өзінде басталып кетті, Елек уездік басқармасын күзге дейін көшіріп болу көзделуде».

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.

1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.

Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Бірінші «Триумф» синематогрофы 1910 жылдан бастап жұмыс істеді.

1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды.

[өңдеу] Бүгінгі Ақтөбе

Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.

Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.

[өңдеу] Сыртқы сілтемелер


aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -