Ғаламшар
Уикипедияның мағлұматы
Ғаламшар — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
2006 ж. тамызында Прага қаласында 75 елден жиналған 2,5 мыңдай астроном Халықаралық астрономиялық одақ маслихатында ресми түрде ғаламшар мәртебесін алу үшін аспан денесіне қажетті көрсеткіштерді бекітті.
1930 жылы ашылған содан бері Күн жүйесіндегі 9-шы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды. Жаңа жіктелім бойынша Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады.
Енді аспанда 8 ғаламшар ғана қалды. Олар:
- Болпан,
- Шолпан,
- Жер,
- Қызылжұлдыз,
- Есекқырған,
- Сатурн,
- Уран,
- Нептун.
Күн жүйесі |
---|
Күн · Болпан · Шолпан · Жер · Қызылжұлдыз · Серера · Есекқырған · Saturn · Уран · Нептун · Плутон · Ерис |
Ғаламшарлар · Шағын ғаламшарлар · Табиғи серітер: Жердікі · Қызылжұлдыздықы · Астероидтер · Есекқырғандықы · Saturnian · Уран · Нептун · Плутон · Еристікі |
Шағын денелер: Метеороидтар · Астероидтер (Астероидтер белі) · Кентаур · Сырт нысандары (Куйпер белі/Жайылған дискі) · Құйрықты жұлдыздар (Оорт бұлты) |
Тағы да астрономиялық нысандарын, радиуспен не массамен сұрыпталған күн жүйесі нысан тізімін және Астрономия порталын қараңыз. |